Құқық қорғау жүйесі одан әрі жаңғыртылады

24.01.2014
Құқық қорғау жүйесі одан әрі жаңғыртылады
 

Президент 17-қаңтардағы Жолдауында барлық құқық қорғау органдары жұмысының сапасын арттыруды тапсырды. Бұл тапсырма өткен жылдың 31-желтоқсанында бекіген құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

 
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингінде Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев хабарлады. Бағдарламаның басты мақсаты – 2020 жылға қарай елде әлемдік талапқа сай кәсіби құқық қорғау жүйесін қалыптастыру.
 
Сондай-ақ, алдағы уақытта бағдарлама аясында қылмыстық-құқықтық салада заңнаманы күшейтетін бірқатар өзгерістер қабылданады.  Қазір бағдарламаны жүзеге асырудың іс-қимыл жоспары бекітілді.
 
Алик Шпекбаев,  ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі:
Бұған қоса кадрлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Оны біз аталған бағдарламаны іске асырудың негізгі құралдары ретінде қарастырамыз. Реформа өзінің шешуші сатыcына көшті. 2020 жылға қарай  Қазақстанда жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқық қорғау жүйесі қалыптасады. Ол үшін барлық жағдай жасалған.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу