Адам құқығын қорғау мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құқығын қорғау мәселелері талқыланды

24.06.2022

Еліміздегі барлық мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдары өз жұмысында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Кездесуде конституцияның күшейтілген құқық қорғау әлеуетін нығайту мәселелері де сөз болды.

Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының қызметін дамыту жолдары да талқыланды. Сарапшылар жаңартылған Конституция нормаларына сәйкес ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін омбудсменнің мәртебесі конституциялық тұрғыдан нығайтылды. Конституциялық сот құрылып жатыр. 

Марат Башимов, саясаттанушы:

Бізде ондай ешқашан болған жоқ. Конституциялық сотқа енді қарапайым азаматтың өзі арыз беруге құқығы бар. Оның алдында ол арыз бере алмайтын. Депутаттар арқылы беретін, олар жинай алмайтын. Енді өзінің ісін қарап жатқан нәрседе, өзі сонымен келіспесе, сондай құқығы болады. 

Хабарламаларға жазылу