Елордадағы мектепте әскери-спорттық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы мектепте әскери-спорттық шара өтті

30.04.2019

Биыл Қазақстанның Қарулы күштеріне - 27 жыл. Осыған орай елордадағы №13 әскери-спорттық мектебінде Ашық есік күні өтті. Шарада оқушылар осы күнге дейін үйренген спорттық ойындарын көрсетті. Шыңға шығып өрмеледі, бір-бірімен күресті. Ал, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов шеберлік сағатын өткізді.

Бастауыш сынып оқушылары әскери техника түріндегі роботтарды құрастырса, қыздар «Қазақ хандығы» ойыны мен кілем тоқу өнерін көрермендерге паш етті. Шараның басты мақсаты – жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті оятып, оларға рухани құндылықтарды нәсихаттау.

Қанат Рахимбеков, №13 орта мектебінің директоры:

- Қазіргі таңнан бастап біз оқушыларға әскери-патриоттық бағытта білім беріп жатырмыз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу