Мұндай жарыс әлемде тұңғыш рет ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Алматыда өткен II Халықаралық этноспорт форумында айтылды. Ауқымды жиынға 40-қа жуық мемлекеттің өкілдері мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Біләл Ердоған қатысты.
Сала мамандары дәстүрлі спорттық ойындарды бүгінгі заманға сай жүйелі түрде дамыту тетіктерін талқылады. Ұлттық спорт түрлерінің әртүрлі аймақтық ерекшеліктеріне байланысты тәжірибе алмасу мәселесі қаралды. Дәстүрлі спорт бойынша әлемдік додаларға тек ересектер емес, жастар мен жасөспірімдерді де көптеп тартып, оны жиі ұйымдастыру тетіктері талқыланды.
Рахат Жақсыбай, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:
- Біздің еліміздегі ұлттық спортқа деген көңіл расында да үлкен деп ауыз толтырып айтсақ болды. Себебі еліміз бойынша 10-нан аса ұлттық спорт мектептері бар. Бұдан бөлек, біздің елімізде жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы бар ұлттық спорттың барлық түрінен. Сондай-ақ, бізде ұлттық спорттың шаралары халықаралық жарыстарға байланысты мемлекеттің қаржылық, басқа да қолдауы бар.
Аманкелді Сейтхан