Паралимпиадалық Азия ойындары: Қоржында 5 алтын, 15 күміс, 13 қола - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадалық Азия ойындары: Қоржында 5 алтын, 15 күміс, 13 қола

17.10.2018

Индонезия елінде өткен Паралимпиадалық Азия ойындарында тұғыр бигінен көрінген отандастарымыз елге оралып жатыр. Бүгін Астана қаласының әуежайында жеңімпаз спортшыларды жанкүйерлер мен туыстары және достары қошеметпен қарсы алды.

Таңсәріде  жүзуден алтын мен қола жүлдені иеленген Сиязбек Далиев пен екі бірдей күміс алқаны тағынған Әнуар Ахметов және жүзуден Ұлттық құраманың мүшелері келді. Сиязбек 50 метрге еркін әдіспен жүзуде «сары құрлықтың» рекордын жаңғыртты.  Сондай-ақ, дәл осы қашықтықта арқамен жүзуде үшінші орыннан көрінді. Ал Әнуар 50 және 100 метрге жүзуден екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Азияның параойындарында Ұлттық құрама 5 алтын, 15 күміс және 13 қоламен жалпыкомандалық есепте 13-ші орынға тұрақтады. Ал, бұл жүлделердің басым бөлігін, яғни, 5 алтын, 8 күміс және 6 қола медальді жүзуден Ұлттық құраманың спортшылары әкелген.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу