Алина Әділханова Жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алина Әділханова Жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды

28.08.2018

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында бүгін қазақ спортшылары тағы да жеңіс тұғырына көтерілді. Көркем гимнастикадан жекелей сында өнер көрсеткен Алина Əділханова Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Ол жекелей сында жалпы есебі 66.800 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Алина Əділханова топтық жаттығуда да топ жарған. Ол Азия ойындарының көркем гимнастика санаты бойынша өнер көрсеткен ең жас спортшылардың бірі. Ал, жеңіл атлет Маргарита Мұқашева бүгін 800 метрлік кедергілері бар қашықтықты бағындыруда екінші келіп, күміс алқаны олжалады.

Сонымен, Қазақстан спортшыларының қоржынында бүгінде 46 медаль. Оның 8-і «алтын», 8-і «күміс», 29-ы «қола». Жоғары көрсеткіштерімен еліміз Азия ойындарында құрлықтың мықты мемлекеттерінің ондығына кірді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу