Каратеші Дидар Әмірәлі ел қоржынына 8-ші күміс медальды салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратеші Дидар Әмірәлі ел қоржынына 8-ші күміс медальды салды

26.08.2018
Каратеші Дидар Әмірәлі ел қоржынына 8-ші күміс медальды салды

Каратеші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол беріп, Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.  

Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті.  Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген жерлесіміз жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді. Бұл Қазақстан қоржынына түскен 8-ші күміс медаль.

Хабарламаларға жазылу