Бүгін Астанада Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсімін өткізді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсімін өткізді (ФОТО)

06.07.2018
Бүгін Астанада Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсімін өткізді (ФОТО)

Ертең Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункаяның бокс кеші. Боксшылар «Барыс-Арена» ғимаратында бірінші орта салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы титулы үшін жұдырық түйістіреді.

Осыған орай бүгін Астанада Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін 17 рет жеңіске жетіп, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал, түркиялық спортшы 30 рет қарсыласын тізе бүктірген.

Шүменов – Алтункая жекпе-жегін ертең «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан сағат 13:55-те тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу