Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов жекпе-жек алдындағы баспасөз жиынын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов жекпе-жек алдындағы баспасөз жиынын өткізді

05.07.2018

Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункаяның бокс кешіне екі күн қалды. Бүгін былғары қолғап шеберлері бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз мәслихатын өткізді. Боксшылар «Барыс-Арена» ғимаратында бірінші орта салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы титулы үшін жұдырық түйістіреді. Қос тараптың жаттықтырушылары жекпе-жекке сақадай-сай екендерін айтты. Ертең Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсіміне қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін 17 рет жеңіске жетіп, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал, түркиялық спортшы 30 рет қарсыласын тізе бүктірген.

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу