Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті

02.05.2018

Қызылордада теннистен «Қызылорда мастерс» республикалық турнирі өтті. 5 күнге созылған жарысқа 12 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қазір елімізде теннис жақсы дамып келеді. Бұл орайда Сыр елінің де өз үлесі бар. Себебі, спорттың бұл түріне қызығушылар көп. Әрі олар түрлі халықаралық сайыстарға қатысып, топ жарып жүр. Заманауи үлгідегі теннис орталығында жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Қызылорда Мастерс» турниріне 25 сырбойылық спортшы қатысты. 

Қанат Нұрмаханов, Қызылорда облыстық Теннис федерациясының президенті:

- Алдағы уақытта тағы осындай республикалық, халықаралық деңгейде жарыстар өткізу жоспарымызда бар. «Нұрсәт» теннис орталығының өзінде жылдан-жылға бала саны артып келе жатыр. Ата-аналар да түсініп келе жатыр. Бала жарыс арқылы өседі.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу