Айбат Сейтен грекиялық Тэнторэ Масманидиске есе жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбат Сейтен грекиялық Тэнторэ Масманидиске есе жіберді (ВИДЕО)

08.09.2017

Грекиялық Тэнторэ Масманидис жерлесіміз Айбат Сейтенмен белдесті. Айбат Сейтен екінші айналымда өте жақсы күресіп, аргентиналық Лучиано Дель Рионы 2 минут 46 секундта таза лақтырды.

Ал, Тэнторэ Масманидис болса,  қытайлық және  африкалық балуанды ұтқан. Қазақ күресінен жарысқа алғаш рет қатысуда.

Тартысты белдесуде 1 жартылай жеңіс және 1 бүк ұпайымен екі қарсылас бір-бірін 5 минутта ала алған жоқ. Сондықтан, екі балуан арасында бүгінгі турнирдегі ең бірінші тік тұрып белдесу орын алды. Белдесу қорытындысы бойынша Тэнторэ Масманидис аяқтың сыртынан орап түсіріп, жеңіске жетті. 

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу