«Таңшолпан». Қазақ барыстары: Бас жүлде елде қалады. Бесеуіміздің біріміз жеңіске жетеміз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақ барыстары: Бас жүлде елде қалады. Бесеуіміздің біріміз жеңіске жетеміз (ВИДЕО)

07.09.2017

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында өтетін шаралардың бірі - «Әлем барысы»

 

8-қыркүйек күні «Барыс Аренада» өтетін кездесуге 40 елдің балуаны қатысады. Осыған орай елордада салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтті. Балуандар жарысына еліміздің атынан Айбек Нұғымаров, Айбат Сейтен, Дәурен Нұралинов, Ержан Шынкеев және биылғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерәлиев шығады.

 

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 30 млн теңге. Дәстүр бойынша алтын, күміс, қола белбеулер де қарастырылған. Көпшіліктің алдына шыққан қазақ барыстары «Бас жүлде елде қалады. Бесеуміздің бірі жеңіске жетеміз», деп сөз берді.

Хабарламаларға жазылу