Ержан Шынкеев эстониялық Дмитрий Лепті таза тастап, 1/8 финалға шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Шынкеев эстониялық Дмитрий Лепті таза тастап, 1/8 финалға шықты (ВИДЕО)

08.09.2017

Ол жақында ғана дзюдодан Әлем чемпионатынан оралды. Қазақстан бойынша дзюдодан  аса ауыр салмақтағы №1 балуан болып есептеледі.

Ал, оның қарсыласы эстониялық Дмитрий Леп дзюдодан  Эстония чемпионы, Әлем Кубогының күміс және қола жүлдесінің иегері. Қазақ күресіне бірінші рет қатысуда.

Ержан бірінші айналымда 1 минут 9 секунд ішінде ирандық балуанды таза түсіріп, жеңіске жеткен болатын. Осы  бәсекеде ол эстониялық Дмитрий Лепті 2 минут 42 секундта таза тастап, келесі айналымға шықты.

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.  

Хабарламаларға жазылу