Қазақстандық паратаэквондошы Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық паратаэквондошы Азия чемпионы атанды

10.07.2017

Ел тарихында алғаш  рет паратаэквондодан атыраулық  спортшы  Азия чемпионы атанды. Корей Республикасының Муджу қаласында өткен спорттық сайысқа 25 елден келген, барлығы 120-дан астам спортшы қатысты. Жерлесіміз 75 келі салмақта өнер көрсетіп, финалда түрік спортшысын тізе бүктірді. Жалпы, Азия чемпионатында ел намысын 7 паратаэквондошы қорғады.

Енді, Нұрлан Домбаев тамыз айында Лондон қаласында өтетін Әлем  чемпионатында бақ сынамақ.   

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу