Бүгін - Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигинаның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигинаның туған күні

23.12.2016
Бүгін - Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигинаның туған күні

Ольга Васильевна Шишигина 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақстандық жеңілатлет, спринтерші, Сидней Олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері.

Жеңіл атлетикамен (кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылы шұғылдана бастады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірді. 1986 жылдан Кеңес одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және бірнеше дүркін жүлделерге ие болды.

1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болды, осыдан кейін оған «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.

1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона, Испания) Әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы (Маэбаши, Жапония) Әлем чемпионатында алтын жүлде алды және 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы болды.

2001 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. 

2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт академиясын бітірді. Осы академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Дарын» ордендерімен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу