«Kazsport» телеарнасы «Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

16.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

17 желтоқсан күні футболдан Испания чемпионатының 16-туры аясында мадридтік «Атлетико» өз алаңында «Лас - Пальмасты» қабылдайды.  Бұл матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Диего Симеоне шәкірттерінің соңғы турлардағы көрсеткіштері нашар. Олар 15 турдан кейін 25 ұпаймен 6-шы орынға жайғасқан. Өткен турда мадридтік «Атлетико» Франсиско Эскриба жаттықтыратын «Вильярреалдан» 3:0 есебімен ойсырата жеңілген болатын.

Ал, «Лас - Пальмас» турнирлік кестенің дәл ортасында келе жатыр. Кике Сетьен қарамағындағы жігіттер 21 ұпаймен 10-шы орында келе жатыр. «Лас - Пальмас» футболшылары соңғы 3 турда қарсыластарымен ұпай бөліскен. Тіпті, осы маусымда әлі жеңіліп көрмеген мадридтік «Реал» да бұл клубтан айласын асыра алмады.

Командалар арасындағы соңғы кездесуде Диего Симеоне шәкірттері сырт алаңда 0:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 21:10-да. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу