Астанада жекпе-жектен жоғарғы бас қолбасшы кубогы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жекпе-жектен жоғарғы бас қолбасшы кубогы басталды

08.12.2016
Қазақтың қарулы күштерінің қайсысы күшті? Осы сұраққа нақты жауап табу үшін, Ұлттық Ұлан гвардиясы, Президент Күзеті сарбаздары, Шекара қызметінің жауынгерлері өзара сайысқа түсті. Бұл жарыстың ресми атауы – «Жекпе-жектен жоғарғы бас қолбасшы кубогы» деп аталады.
Әскери спорттық додаға еліміздің әр өңірінен 29 команда қатысып жатыр. 9 түрлі салмақта іріктеу сайыстары өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін белгілі болады. Топ жарған команданы кубок пен жеңіл автокөлік күтіп тұр.



Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу