Қазақстан - «Еуразия Барысы» xалықаралық турнирінің үш дүркін жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - «Еуразия Барысы» xалықаралық турнирінің үш дүркін жеңімпазы

02.12.2016
Қазақстан - «Еуразия Барысы» xалықаралық турнирінің үш дүркін жеңімпазы

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент мерекесі күніне орай «Алматы Арена» сарайында өткен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. 

Бұл - Қазақстанның турнирдегі үшінші жеңісі. 

Қазақстандық палуандар алғашқы белдесулерінде Польша командасымен кездесіп, оларды 7:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Грузия палуандарын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты. Ақтық сында Ұлттық құрамамыздың ежелгі қарсыласы Моңғолия командасымен белдесті. Бұл жолы да отандастарымыз 6:2 есебімен Моңғолия палуандарынан мықты болып шықты.

Осы бәсекеде ел намысын  55 келіде - Марат Нығыматұллаев, 60 келіде - Ержан Мағауинов, 66 келіде - Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде - Aйдос Ғалымов, 82 келіде - Дәулет Пахриддинов, 90 келіде - Айбол Айтбек, 100 келіде - Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.

Естеріңізге сала кетсек, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы.

 

«ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Хабарламаларға жазылу