Зүлфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зүлфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды

09.09.2016
Зүлфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді суда жүзуден Зүлфия Ғабидуллина салды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты.

Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінен хабарлады.

Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің спортшылар 1996 жылдан бері 5 Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқанымен де, медальдарға ие болмаған.

«Міне, бұл медаль - алтын», деп өзінің Инстаграм парақшасында жазды Қазақстанның Паралимиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.

121

Зүлфия Ғабидуллинаның медалі жалпы есепте Қазақстанды 16-орынға орналастырды. 

Жамбыл облысының тумасы  бірнеше мәрте Әлем чемпионы атанып қана қоймай, әлем рекордтарын да жаңартқан.

Естеріңізге сала кетейік, «Kazsport» телеарнасында әр күн сайын Паралимпиада ойындарына арналған күндізгі және кешкі күнделіктер шығады.

Подробнее: http://abctv.kz/ru/last/7078
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на abctv.kz
Казахстанская пловчиха Зульфия Габидуллина стала чемпионкой Паралимпийских игр в Рио-де-Жанейро

Хабарламаларға жазылу