Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қоймаған көрінеді. Сәби күнінде ол аурушаң, әлжуаз болған екен.
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда, күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды.
1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ, ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.
Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
Ол бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға Еңбек сіңірген спорт шебері болған. Сондай-ақ, І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. 1998 жылы өткен Әлем чемпионатының, 1999 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні Шымкент қаласының жанындағы Темірлан бекеті маңында көлік апатынан қайтыс болды.
Олимпиада чемпионы, марқұм Бекзат Саттарханов бүгін 36 жасқа толар еді.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы Бекзат Саттарханов туралы «Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл» Бекзат Саттарханов» атты деректі фильм түсірген болатын.

Inform.kz