Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан жарыс өтті

29.08.2014
Алматы облысында Президент Кубогы үшін ат спортынан жарыс өтті

Алматы облысы Жамбыл ауданының «Көкбастау» ипподромында Конституция күніне арналған Президент Кубогы үшін ат спортынан жарыс өтті.

Республикалық жарыста көрші Қырғыз Республикасының және еліміздің алыс-жақын аймақтарының сәйгүліктері бағын сынады.

Сәйгүліктер құнан бәйгеде 11 шақырым, тоқ бәйгеде 16 шақырым, аламан бәйгеде 25 шақырым және жорға жарыста 9 шақырым қашықтықта сынға түсті.

Сондай-ақ, ұлттық ат спорты түрлері аударыспақ, теңге ілу, көкпар және қыз қуу ойындары көрсетілді.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу