ҚХР Шыңжаң автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласында қазақша күрестен Азия чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХР Шыңжаң автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласында қазақша күрестен Азия чемпионаты өтті

14.07.2015
ҚХР Шыңжаң автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласында қазақша күрестен Азия чемпионаты өтті

Қытайдағы Шыңжаң автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласында қазақша күрестен Азия чемпионаты өтті.

11-ші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға 19 мемлекеттің спортшылары қатысты.

Азия чемпионаты Қытай жерінде екінші рет өткізілуде. Биылғы жарысқа Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Иран, Ирак сияқты жалпы саны 19 елден 60-тан астам спортшы қатысты.

Чемпионат барысында палуандар алты салмақта күресті.

60 және 70 келі салмақта жерлестеріміз Қуаныш Ысқақов пен Қуаныш Сәбитов топ жарып, құрама қоржынына алғашқы «алтындарды» салды.

80 келіде бас жүлдені қытайлық қандасымыз Аманжол Үсентай қанжығасына байлады. Ғани Сейділдаев түйе палуан дәрежесінде жеңіске жетті.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленді.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу