Қытай түрмелерінде 15 қазақстандық азамат отыр - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай түрмелерінде 15 қазақстандық азамат отыр - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышев

04.09.2015
Қытай түрмелерінде 15 қазақстандық азамат отыр - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышев

Қытай түрмелерінде 15 қазақстандық азамат отыр. Бұл туралы қазақстандық тілшілер үшін өткізілген баспасөз мәслихаты барысында ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде Қытай аумағындағы түрмелерде 15 ҚР азаматы жазасын өтеуде. Бұл елге Елбасы сапарына дейін 20 адам болған. Бірақ сапар алдында қытайлық тараппен біздің тиісті құзыретті органдарымызға ұзақ уақыт бойы Қытай аумағында болған бес сотталушыны тапсыру туралы келісімді іске асырдық. Олар Қазақстанға тапсырылып, енді жазаларын Қазақстанның түзеу абақтыларында өтейді», - деді ол.

Еске сала кетейік, ҚР азаматтарын тапсыру 2015 жылдың 28 тамызында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімші қаласында өтті. Экстрадицияланған қазақстандықтар Қытай Халық Республикасы қылмыстық заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін түрлі мерзімдерге сотталған, соның ішінде өлім жазасы мен өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру жазалары бар.

Қазақстандық сотталушыларды тапсыру ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы және ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қытайлық әріптестерімен ұзақ уақыт бойы бірлесіп көп еңбектенуінің нәтижесінде мүмкін болды.

ҚР мен ҚХР арасында 2011 жылдың 22 ақпанында сотталған тұлғаларды тапсыру туралы келісімінің күшіне енуі қытайлық тараптың «ізгі тілек ишараты» болғанын атап өту керек.

Аталған келісімнің күшіне енуі туралы бекіту грамоталарымен алмасу ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 31 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында жасаған мемлекеттік сапарының барысында өтті.

Хабарламаларға жазылу