«Тур де Франс» жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» жалғасуда

11.07.2015
«Тур де Франс» жалғасуда

«Тур де Франс» велобәйгесінің 7-ші кезеңі артта қалды. Бұл кезеңде Бельгия командасының өкілі Марк Кэвендиш мәре сызығын бірінші болып кесті.

Берілген қашықтықты Кэвендиш 4 сағат 27 минут 25 секундта жүріп өтті. 

Астана командасы сапында үздік нәтиже көрсеткен Андрей Гривко 16-шы орында.

Генеральді классификацияда Винченцо Нибали әзірге 12-ші орында.

Дәл қазір қатысушы спортшылар  8-ші кезеңнің мықтысын анықтауда.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу