Дэвис Кубогы. Қазақстан - Италия - 3:2 (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвис Кубогы. Қазақстан - Италия - 3:2 (ВИДЕО)

09.03.2015
Дэвис Кубогы. Қазақстан - Италия - 3:2 (ВИДЕО)

Теннистен Дэвис Кубогы аясында Қазақстан құрамасы Астанада Италия спортшыларымен кездесу өткізді.  

Ел намысын қорғауға шешуші ойында әлемдік рейтингте 130-орында тұрған Александр Недовесов италиялық Фабио Фоньиниге қарсы шықты.

3 сағат 45 минутқа созылған кездесуде жерлесіміз басым түсіп, Қазақстан құрамасына жеңісті ұпайды сыйлады.

Осылайша, еліміздің теннисшілері Италияны 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ендігі қарсылас - Австралия құрамасы.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу