Алматы немесе Бейжің бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы немесе Бейжің бе?

31.07.2015
Алматы немесе Бейжің бе?

Бірнеше сағаттан соң «KAZsport» телеарнасының эфирінде 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болады. Алматы немесе Бейжің? Таңертеңнен бері Куала-Лумпур қаласынан (Малайзия) тікелей трансляция жүргізілуде.

Таңғы сағат 08:30-да «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінде Алматы мәлімдемесінің презентациясы өтті. Сағат 09:55-те Бейжің қаласы әлем назарына мәлімдемесін ұсынды.

Алматы мәлімдемесінің негізгі тезистері:

Қалада 13 ұсынылған спорт объектісінің 9 нысаны бар (бұл шамамен 70 пайыз). Алматы қаласы қысқы спортқа арналған дамыған инфрақұрылымы бар табиғи қарлы аймақта орналасқан. Қала табиғи қарды пайдалануды және қысқы уақыттағы болжамды температураның диапазонын ұсына алады. Бұл табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануды болдырмастан, табиғатты қорғай отырып,  Олимпиаданы өткізуге мүмкіндік береді.

ХОК-ан ұсынылған презентацияда: «Алматы-2022  бұл соңғы 30 жылдың ішіндегі Олимпиаданың рационалдық мәлімдемелерінің бірі. Барлық спорт объектілері 30 шақырым радиуста орналасқан. Өте қызықты болады! Алматы – бұл қысқы спортты жақсы көретін адамдардың ордасы, достық атмосфера, қысқы спорт түрін ұнататын және туған таулы өлкенің қоршаған табиғатын аялаған тамаша адамдар, мұнда қонақтарды кең қонақжайлылықпен қарсы алады!», - делінген.

Алматы немесе Бейжің бе? 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын қай қала өткізеді? «KAZsport» телеарнасының және kaztrk.kz порталының  тікелей эфирінен Халықаралық Олимпиада Комитетінің шешімін жариялау салтанатын өткізіп алмаңыздар. Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да басталады.

Қазақстанды қолдаңыздар!

Хабарламаларға жазылу