Қазақстан спорты үшін 2014 жыл табысты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спорты үшін 2014 жыл табысты болды

31.12.2014
Қазақстан спорты үшін 2014 жыл табысты болды

Олимпиада лицензиялары сарапқа салынған жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 3 алтын және 2 күміс медальді олжалады.

Жалпы, командалық есепте отандастарымыз үшінші тұғырға көтерілді.

Ал, қазан айында Павлодар қаласында қазақ күресінен «Әлем Барысы» халықаралық турнирі жеңімпазын анықтады.

Еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа, 34 мемлекеттің сайдың тасындай іріктелген палуандары қатысып, Кубалық Оскар Брайсон алтын белбеуді иеленді.

Талай тұлпарды топқа қосып, сан сұңқардың қанатын қатайтқан Тараз шаһарына 12 мемлекеттен іріктелген сайыпқырандар жиылды.

Алаштың Астанасында Әлем тарихында тұңғыш рет, Аударыспақтан Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Байрақты бәсекеге 10 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай берік палуандары қатысып, Ұлттық өнеріміздің тамырына қайта қан жүгіртті.

Сонымен қатар еліміздің спортшылары Инчхонда өткен Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жарыс қортындысы бойынша 4 орынды иеленді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу