Ақмола облысында «Қансонар-2014» бүркітшілер жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Қансонар-2014» бүркітшілер жарысы өтті

13.12.2014
Ақмола облысында «Қансонар-2014» бүркітшілер жарысы өтті

Республикалық турнир 5 байқау түрі  ұйымдастырылды. Негізгі кезең бүркіттерді жасанды аңға салу болды. 18 қыран құстың барлығы да қырағы, алғыр екендерін дәлелдеді. Бұл шара ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталып отыр. Жарысқа Ресейден туризм саласында қызмет етіп жүрген арнайы мамандар да келді. Саятшылық, оның ішінде аңға бүркіт салу еліміздегі туризмді дамытуға өз септігін тигізбекші. Бір айта кетерлігі жарысқа тәжірибелі құсбегілермен қатар жастар да белсене қатысты. Ұйымдастырушылар бүркітшілер бәсекесін алдағы уақытта берік дәстүрге айналдырамыз, деп отыр.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу