Баскетбол. «Астана» - «Автодор» 86:85 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баскетбол. «Астана» - «Автодор» 86:85

15.11.2014
Баскетбол. «Астана» - «Автодор» 86:85

«Астана» баскетбол командасы бүгін Сарыарқа спорт кешенінде ВТБ біріңғай лигасы аясында Саратов қаласының «Автодор» командасын қабылдады. Алғашқы кезеңді «астаналықтар» ширақ бастағанымен 3 ұпайға ұтылып аяқтады. Екінші кезеңде Астана сапынан Рашид Махалбасич көзге түсіп, көп ұпай алғанымен елордалықтар 45-47 есебімен тағы да жеңілді. Тек үшінші кезеңде ғана Александар Трифунович шәкірттері есепте алға шықты. Ал, матчтың тағдыры тек төртінші кезеңнің соңғы секундтарында шешілді. 86-85 есебі тіркелді. Соның арқасында Астана командасы 1 ұпай басымдылығымен жеңіске жетті. Енді баскетболшыларымыз келесі кездесуін 23-қараша күні Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы өткізеді.

Хабарламаларға жазылу