Инчхон-2014. 27 қыркүйек. Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 37 медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. 27 қыркүйек. Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 37 медаль иеленді

27.09.2014
Инчхон-2014. 27 қыркүйек. Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 37 медаль иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 14 түріне қатысты.

Бақтияр Ибраев жылжымалы нысананы көздеу жарысында 11-ші орын алды. Ал командалық жарыста біздің спортшылар 5-ші орын иеленді.

50 метр қашықтықтан үш позициядан оқ ату жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы 5-ші, ал жеке сайыста Игорь Пирекеев 6-шы орында.

Стендтік оқ ату жарысының скит түрінде еліміздің әйелдер құрамасы 4-ші, ал Ангелина Мищук жеке сайыста 6-шы орынға табан тіреді.

Біздің барлық коноэ және байдарка есушілеріміз финалдық бәсекеге жолдама алды.

Велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды.

Еркін күрес шеберлері де медаль иеленді: Расул Қалиев (57 келі) «күміс», Татьяна Аманжол (48 келі) «қола» алды.

Су добынан ерлер командасы Сингапур құрамасын ұтып, топтық кезеңде 1-ші орын иеленді.

Баскетболшы жігіттер Катар спортшыларын 65:57 есебімен жеңді.

Жағажай волейболшылары Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы қытайлық спортшыларды ұтып, финалға өтті.

Волейболшы қыздарымыз Таиланд құрамасына жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Бокс жарысының ширек финалына жұдырықтасқан 4 боксшының 3-і өтті: Данияр Елеусінов (69 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі) және боксшы қызымыз Жайна Шекербекова (48-51 келі). Ал, Гүлжайна Үббіниязова (57-60 келі) бірінші кезеңнен аса алмады.

Жеңіл атлетшілер өз жарыстарын бастады: Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова (100 метр), сонымен қатар, Юлия Рахманова (400 метр) — финалдық бәсекелерге шықты.

Гольф және желкенді спортшылар да жарыс жолын жалғастырды.

Медаль жиынтығы:

1. Қытай — 195 (96, 58, 41)

2. Оңтүстік Корея — 117 (35, 42, 40)

3. Жапония — 113 (32, 43, 38)

 

4. Қазақстан — 37 (9, 10, 18).

 

Инчхондағы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының медальдары:

 

«Алтын» (9): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — үш (жүзу), ерлер құрамасы (теннис), Ольга Довгун (оқ ату), Алексей Луценко (велоспорт);

 

«Күміс» (10): Алмас Өтешов, Зульфия Чиншанло, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу), Расул Қалиев (еркін күрес);

 

«Қола» (18): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Бақтияр Ибраев, Андрей Могилевский, әйелдер құрамасы – бір, ерлер құрамасы – екі қола (барлығы – оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариан Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы), Татьяна Аманжол (еркін күрес).

Хабарламаларға жазылу