Инчхон – 2014. Дзюдодан командалық жарыста қазақстандық қыздар төртінші орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон – 2014. Дзюдодан командалық жарыста қазақстандық қыздар төртінші орын иеленді

23.09.2014
Инчхон – 2014. Дзюдодан командалық жарыста қазақстандық қыздар төртінші орын иеленді

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын үшін тартыста Солтүстік Кореямен кездесіп, 4:1 есебімен ұтылып қалды.

52 келідегі Айгүл Байқұлова татамиге шыға алмай, жеңіс қарсыласына берілді. Назгүл Құбашова (57 келі), Динара Құдарова (70 келі), Альбина Амангелдиева (70 келіден жоғары) қарсыластарына жол беріп қойған болса, Мариан Ордабаева (63 келі) ғана жеңіске жеткен. Нәтижесінде дзюдошы қыздар командалық есепте төртінші орын иеленді.

Хабарламаларға жазылу