Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошы қыздар жарысты бастады. 57 келі салмақта сынға түскен Назгүл Құбашева алғашқы айналымнан аса алмады. Ол іріктеу кезеңінде таиландық палуан Ом Понгчалиеден ұтылды.
63 келі салмақта белдескен Мариан Ордабаева іріктеу кезеңінде қырғыз палуаны Гүлжаз Саимованы айқын ұтқанымен, ширек финалда қытайлық Жуньхиа Янгтан айласын асыра алмады.
Енді Мариан Ордабаева ынталандыру бәсекесінде Филиппин өкілі Киуоми Ватанабемен кездеседі.
70 келі салмақта ел намысын қорғаған Динара Құдарова (суретте) алғашқы белдесуінде түркімен қызы Насиба Суркиевадан басым түсті. Алайда, ширек финалда Динара жапон қызы Чижуру Арайға қарсылық көрсете алмады.
Қола жүлдеге таласуға мүмкіндік беретін белдесуде қазақ палуаны Солтүстік Корея спортшысы Жонгсун Киммен тартысқа түседі.