Инчхон-2014. Қазақстандық синхронды жүзушілер үшінші орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық синхронды жүзушілер үшінші орында келеді

20.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық синхронды жүзушілер үшінші орында келеді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан  Жазғы Азия ойындарында синхронды жүзушілер арасындағы техникалық бағдарлама аяқталды.

Қазақстан атынан сынға түскен Александра  Немич  пен Екатерина Немич жұбы үшінші орында келеді.

Жарыстың бұл түрінде қытайлық спортшылар Сюэчен Хуан  мен  Веньян Сун жұбы алғашқы орында тұр. Жапониялық Юкико Инуи мен Рисако Мицуи  жұбы екінші  орында.

1. Сюэчен Хуан / Веньян Сун (Қытай) - 91.1851
2. Юкико Инуи / Рисако Мицуи (Жапония) - 89.6721
3. Александра Немич / Екатерина Немич (Қазақстан) - 82.4306. 

Фото: www.reuters.com.

 

Хабарламаларға жазылу