Талдықорғанда дзюдо күресі бапкерлерінің семинары өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда дзюдо күресі бапкерлерінің семинары өтуде

03.09.2014
Талдықорғанда дзюдо күресі бапкерлерінің семинары өтуде

Қазақстанның дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Талдықорғанда республикалық семинар өтіп жатыр. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдын Смағұлов, Асхат Жіткеев және профессор Михайл Щепетюк бапкерлермен тәжірибе бөлісуде.

Аталмыш жұмыс тобы бүгінге дейін Орал, Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында осындай семинарлар өткізген. Федерация биыл еліміздің барлық өңірлерінде осындай шаралар өткізуді қолға алған.

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу