Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды

20.09.2019
Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық кездесулер басталады. Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің осы кезеңдегі қарсыластары анықталды. Бекзат Нұрдәулетов Рио Олимпиадасының жеңімпазы, 4 дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Ла Круспен жұдырықтасады. 

Жартылай финалда бақ сынайтын қазақ боксшылары мен олардың қарсыластары төмендегідей:

52 келі Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан);

69 келі Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей);

75 келі Тұрсынбай Құлахмет - Эумир Марсиаль (Филиппин);

81 келі Бекзат Нұрдаулетов - Хулио Ла Крус (Куба);

91 келі Василий Левит - Хулио Кастильо (Эквадор);

91 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев - Джустис Хуни (Австралия).

Жартылай финалдық бәсекелерді QAZAQSTAN және QAZSPORT арналары көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу