«Динамо» - «Ақтөбе»: 0-1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Динамо» - «Ақтөбе»: 0-1

17.07.2014
«Динамо» - «Ақтөбе»: 0-1

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында ел чемпионы «Ақтөбе» сырт алаңда тбилисилік «Динамо» командасымен кездесіп, 0-1 есебімен жеңіске жетті. «Динамо Арена» стадионында  өткен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады.

Екінші кезеңнің 51-ші минутында  Данило Неко қарсылас қақпасына гол соғып,  ақтөбеліктерді алға шығарды. Бұл есеп ойын соңына дейін сақталып, жерлестеріміз 1-0 көрсеткішімен жеңіске жетті. Айта кетейік, қарымта кездесу 23-шілде күні Ақтөбенің орталық стадионында өтеді. 21:00-де басталатын ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу