Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды

01.07.2014
Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды

Астана күніне орай, бүгін Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» атты веложорық басталды. Аймақта алғаш ұйымдастырылған спорттық шара Елбасының кіндік қаны тамған Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылынан бастау алды.

Орталық алаңда қалың бұқара жиылған салтанатты шара өтіп, жорыққа қатысушыларға қошемет көрсетілді. Айта кету керек, веложорыққа 30 әуесқой және кәсіпқой велоспортшы қатысып отыр.

Олар 1 апта бойына Талғар-Шелек-Шонжы-Жаркент-Қоңыркөл-Қоғалы-Рудничий-Текелі бағытындағы автомобиль жолдарымен жүріп өтіп, 6 шілдеде Талдықорған қаласында тоқтайды.

Сәбит Жайлыбаев, Алматы облыстық «Жетісу» велоспорт федерациясының атқарушы директоры:

Бұл веложорықтың мақсаты - елдің арасында Астананың 16 жылдығын, велоспорттың 100 жылдығын дәріптеу. Сонымен қатар, велосипедті ұтымды, үнемді, пайдалы көлік ретінде халықтың қолданысына енгізу. Сол арқылы бұқаралық спортты көтеру. Болашақта Шамалғаннан Талдықорғанға дейінгі аралықта халықаралық дәрежедегі көпкүндік жарыстар өтетін болады. Соған дайындық бұл бір жағынан.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу