Павлодарда күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды

16.06.2014
Павлодарда күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды
 
Павлодарда еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Осы сында топ жарып көзге түскендер екі бірдей байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын болды.
 
Алдымен, боз кілемге еркін күрес балуандары шығып жаңа ереже бойынша шеберлік байқасты. 57 келіде бас жүлдеге Шоқан Шығысов ие болса, 65 келіде құрама үздігі Дәурен Жұмағазиевке тең келер ешкім болмады.
 
70 келіде Ақжүрек Таңатаров финалда жас буын өкілі Азамат Өміржановтан ұтылып қалды. 74 келі салмақта Ғалымжан Өсербаев топ жарса, 86 келіде Есбол Нұржымбаев алтыннан алқа тақты.
 
97 келіде Мамед Ибрагимов, ал аса ауыр салмақта Ержан Дүйсенбеков бірінші орын алды. Топжарғандар Азия ойындарында ел намысын қорғаса, жүлдегерлер Әлем чемпионатында күреседі. 

Хабарламаларға жазылу