Астанада велошеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада велошеру өтті

14.06.2014
Астанада велошеру өтті
 
Бүгін Астанада бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала тұрғындары арасында велоспорттан жарыс өтті. Аталған шара « Сарыарқа» велотрегінен басталып, қала көшелері арасында өтті. Сайысқа 300-ден астам әуесқой спортшы қатысты. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қала тұрғындарын салауатты өмір салтына қалыптастыруға шақыратын спорттық шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтеді, дейді ұйымдастырушылар.
 
Жарыс қала күнімен, Қазақстандағы велоспорттың 100 жылдығына арналған. Сонымен қатар, дәл осындай шара қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында да өтті. Жарыс жолына 500-ден астам құқық қорғаушы шықты.

Хабарламаларға жазылу