Инна Симонова жартылай финалға шыға алмады
|
Шорт-трек бәсекесінде 1500 метрлік қашықтықта сынға түскен қазақстандық спортшы Инна Симонова келесі кезеңге өте алмады.
Әр айналымда алты спортшы жүгіріп, оның тек үшеуі ғана жартылай финалға өтті. Қазақстандық спортшы өз айналымында тек төртінші орынға ие болды. Ол үшінші нәтиже көрстекен жапондық Аюко Итодан 0,14 секунд қана кеш келді.
Бұл Симонова үшін Сочи Олимпиадасындағы екінші жарыс. Бұған дейін ол 500 метр қашықтықта жүгіріп, іріктеуден аса алмады.
Айта кетейік, Қазақстанның шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік қашықтықта финалға өткен. Ақтық бәсеке 21 ақпанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан қоржынында әзірге бір жүлде бар. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жекелей сында үшінші орын алды. Жалпыкоманалық есепте Қазақстан 25-ші орында тұр.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01