Қостанайда қысқы универсиада жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қысқы универсиада жалғасуда

06.03.2014
Қостанайда қысқы универсиада жалғасуда

Қостанай қаласында студенттер арасындағы 5-ші қысқы универсиада жалғасуда. Пауэрлифтинг спортында жергілікті атлеттерге тең келер қатысушы болған жоқ.

 
Ерлер арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің командасы топ жарды. Қыздар арасындағы сында Мемлекеттік Педагогикалық Институты студенттері бірінші болса, Қостанай мен Павлодардан құрамалар жүлделі орындардан көрінді.
 
Александр Белегов, жарыстың бас төрешісі:  
Көпшілік ауыр сом темірді көтергенде, күшің болса болды деп ойлайды. Бірақ, мұнда дұрыс дайындықпен қатар, тәжірибе болуы керек. Сәл қателік жіберсең ұпайыңды түгендей алмайсың.

Хабарламаларға жазылу