XXII Қысқы Олимпиада ойындары тарих қойнауына кетті
Бірінші кезекте Сочи Олимпиадасы Денис Тен жеңіп алған қола медальмен есте қалғаны анық. Төрт жыл бұрын Ванкувер Ойындарының турнир кестесінде ел құрамасы 25-ші көрсеткішке ие болса, қоржынында бір медаль бар Қазақстан бұл жолы 26-орыннан көрінді.
Бірақ, ілгерілеушілік еліміздің атынан сынға түсіп жатқан спортшылар санында бар. Ванкуверде Қазақстан командасы 37 адамнан тұрса, Сочи ойындарында ел намысын 52 толағайымыз қорғады.
Бұдан бөлек, көршілес елге олимпиадашылардың ата-аналары, бапкерлер мен жолдаманы жеңіп ала алмаған спортшылардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан тұратын барлығы 300-ге жуық адам арнайы келіп, ел сенімін арқалаған саңлақтарымызға жанкүйер болды.
Айткүл Сәрсембаева, жанкүйер:
Осы Олимпиадаға келіп, тамашалап жатқаныма қуаныштымын. Келесі Олимпиада Қазақстанда өтсе, деп тілейміз.
Олимпиада ойындары - әрбір мемлекеттің спорт саласында 4 жылда атқарған жұмысын қорытындылап беретін өзіндік емтихан. Өкінішке қарай, саңлақтарымыздың көпшілігі алға қойған мақсатты орындай алмады.
Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігінің төрағасы:
Спортшыларға барлық жағдай жасалды. Жаттықтырушылар тарапынан қателіктер кеткен сияқты.
Индира Бектенова, тілші:
Сочиде өткен үлкен спорт мерекесі аяқталды. Жеңіс пен жеңіліс, тартыс пен таласқа толы болған ойындарда қазақстандықтарға бұйырғаны - бір қола. Осыған да қанағат. Енді спортшыларымыз келесі маусымға дайындалатын болады.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10