Норвегия - көш басында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия - көш басында

21.02.2014
Норвегия - көш басында
 
Бүгін - Сочи Олмпиадасының 14-ші күні. Әзірге Норвегия  10 алтынмен І орында. Ал екінші сатыдағы АҚШ-та - 8 алтын, 6 күміс. Үздік үштікті Германия түйіндеп тұр, оларда - 8 алтын, 4 күміс.
 
Бүгінге дейін сарапқа салынған 98 алтын медалдің 82-і ойнатылды. Енді үш күнде 16 бас жүлденің иелері анықталады. Біздің құрама бүгінде 25-ші орында. Қазір биатлоннан әйелдер арасында бәсеке басталып кетті.
 
Аталған жарыста Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева 24 шақырымдық жарыста бақтырын сынауда. Шорт-тректен 5000 метрлік финалдық кезең Астана уақытымен 00:18-де басталады. 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу