Сочи-2014. Жалпы есепте Германия көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. Жалпы есепте Германия көш бастап келеді

12.02.2014
Сочи-2014. Жалпы есепте Германия көш бастап келеді
  Германия құрамасына алтыншы «алтынды» шанашылар алып берді. Тобиас Вендль мен Тобиас Арлт жұбы  ақтық сайыста 1 минут  38,933 секунд уақытты көрсетті.
 
Австриялық  Андреас Лингер пен Вольфганг Лингер (1.39,455) «күмісті», латвиялық дуэт Андрис Шицс пен Юрис Шицс (1.39,790) «қоланы» иеленді.
 
Қазіргі уақытта Германия жалпы есепте көш басында тұр. Олардың қоржынында – 6 «алтын» және 1 «қола». Екінші орында – Канада (4 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола». Үштікте – Норвегия (4 «алтын», 3 «күміс» және 5 «қола».

Хабарламаларға жазылу