Словениялық тау шаңғышысы Олимпиаданың екінші «алтынын» алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Словениялық тау шаңғышысы Олимпиаданың екінші «алтынын» алды

18.02.2014
Словениялық тау шаңғышысы Олимпиаданың екінші «алтынын» алды
Словениялық тау шаңғышысы Тина Мазе Сочи Олимпиадасындағы гиганттық слаломда жеңіске жетті. Екі мүмкіндіктен кейін жеңімпаздың уақыты  2 минут және 36,87 секунд болды.   
 
Екінші орында австриялық - Анна Феннингер (+0,07 секунд). Қола медальді германиялық спортшы Виктория Ребенсбург (+0,27) иеленді.
 
Бүгінгі жеңістен кейін Тина Мазе 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін словениялық спортшы құлдилап түсу жарысында «алтын» алған еді.

Хабарламаларға жазылу