Сочи Олимпиадасында шорт-трек жарысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасында шорт-трек жарысы аяқталды

15.02.2014
Сочи Олимпиадасында шорт-трек жарысы аяқталды
Сочи Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықтағы әйелдер бәсекесінде Олимпиада «алтынын» қытайлық Ян Чжоу жеңіп алды. Ол финалдық кезеңде 2 минут 19.140 секунд уақыт көрсетті.
 
Оңтүстік Корея спортшысы Сук Хи Шим (2:19.239) «күмісті» иеленсе, италиялық Арианна Фонтана (2:19.416) «қоланы» қанағат тұтты.
 
Ал  шорт-тректен 1000 метрлік қашықтықтағы ерлер бәсекесінде ресейлік Виктор Ан алтын медальға ие болды.
 
 Оның отандасы Владимир Григорьев «күмісті» мойнына тақса, қола жүлде Голландия өкілі Шинкье Кнегтаға бұйырды.

Хабарламаларға жазылу