Бүгін Денис Тен жекелей сынға түседі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ерлер арасындағы жекелей сынның қысқа бағдарламасында 9-шы орынға тұрақтады.
20 жастағы Денис алғашқы жаттығуды сәтсіз бастап, одан кейінгі элементтерді ойдағыдай орындап шықты. Оның өнеріне мамандар 84,06 ұпай берді.
Ал, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 20-шы орынға табан тіреп, шешуші кезеңге шықты. Бас жүлдеден негізгі үміткерлердің бірі - ресейлік Евгений Плющенко өнер көрсетуден өз еркімен бас тартты. Қысқа бағдарламада жапониялық жас талант Юдзуру Ханю топ жарды.
Жекелей сынның жеңімпазы мен жүлдегерлері бүгін анықталады. Еркін бағдарламаны сағат 21:00 де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Денис Тен, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Бұл мұзайдынында шынымды айтсам жарысқа қатысып көрмеппін. Тек, бәсеке алдында, жаттығулар өткіздік. Соның да әсері болды ма, деп ойлаймын. Бірінші әдістен қателік жібергеннен кейін бірден жиналдым. Оған себепкер болған, менің жанкүйерлерім. Сол кісілердің дауысын естіп, елімнің қолдауын қатты сездім. Алғысымыз шексіз.
Абзал Рақымғалиев, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Шынымды айтсам, бірінші үлкен жарысым. Қобалжу болды. Алғашқы әдісімнен қателік жібердім. Бірақ, өзім ойлаған жоспарымды жүзеге асыра алдым деп ойламын. Алдағы бәсекеде намысты қолдан бермеуге тырысыман.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02