Оманда 4 қазақстандық жол апатынан зардап шекті
Қазақстанның төрт азаматы Оманда жол апатынан зардап шекті. Сыртқы істер министрлігі жерлестерімізге консулдық көмек көрсетіп, оларды емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста отыр. Қазір қазақстандық дипломаттар азаматтарды елге қайтару мәселесін шешіп жатыр. Еске салайық, жол апаты 15 қарашада Оманның Салала қаласында болған. Онда Қазақстан азаматтары демалып жүрген. Көлікке төрт адам - әжесі, атасы, олардың қызы мен кәмелетке толмаған немересі мінген. Жол апатынан төртеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Екібастұзда 31 отбасы үйлі болды
24.11.2026, 10:14
Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік
24.11.2026, 10:13
ML School Kazakhstan бағдарламасы іске қосылды
24.11.2026, 10:12
Қарағандыда ЖИ мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 10:11
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ рейтингтерін растады
24.11.2026, 10:09
Ресейде коронавирус түрлеріне қарсы вакцина шығарылды
24.11.2026, 10:07
Тегеран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтірудің басты шартын атады
24.11.2026, 10:06
Нигерияда қайық аударылып, 30 адам қаза тапты
24.11.2026, 10:05