Тау шаңғысынан неміс қызы топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау шаңғысынан неміс қызы топ жарды

10.02.2014
Тау шаңғысынан неміс қызы топ жарды
Сочи Олимпиадасында тау шаңғысының суперкомбинация бағдарламасының «алтынын» неміс қызы  Мария Хёфль-Риш жеңіп алды. Ол құлдилау түсу және слалом кезеңдері бойынша 2 минут 34,62 секундты көрсетті.
 
Австриялық Николь Хосп (2.35,02) «күмісті», америкалық  Джулия Манкусо (2.35,15) «қоланы» иеленді.
 
Айта кетейік, Мария Хёфль-Риш  Ванкувер-2010 Олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы. Ол төрт жыл бұрын  слалом және суперкомбинация бәсекесін бағындырған еді.

Хабарламаларға жазылу