Басты Жаңалықтар Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қызметіне салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынған. Олардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар. Ішкі істер министрлігі тергеуді жалғастырып жатыр. Жақын арада қылмыстық процеске қатысушыларды іспен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Бөлісу